2016 жылғы 2 маусым, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 2 маусымдағы №326 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Паспорттар, жеке куәліктер мен азаматтық хал актілеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 тамыздағы №684 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., №33, 499-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы №31 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы №140 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №7, 73-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы №1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы №736 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №44, 586-құжат).